⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Сәуір 29, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    АШЫҚ ЕСІК АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

    29.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    АШЫҚ ЕСІК АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Бүгін Абай университетінде талапкерлерге арналған «Ашық есік күні» аясындағы апталық өз мәресіне жетті. 23-29 сәуір аралығында өткен ауқымды іс-шараға Алматы қаласы мен облыс аудандарынан мыңға жуық талапкер қатысып, оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты.

    Апталық барысында университеттің әр факультетінде арнайы таныстырылымдар ұйымдастырылып, білім беру бағдарламалары мен мүмкіндіктері жан-жақты насихатталды. Қорытынды жиында факультеттер жәрмеңкесі өтіп, талапкерлер өздерін қызықтырған мамандықтар бойынша толық ақпарат алды.

    Салтанатты ашылу рәсімінде университеттің Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова талапкерлерге жылы лебізін білдіріп, ашық есік күніне қатысушыларды құттықтады. Проректор өз сөзінде қазіргі таңда 20 мыңнан астам студент қара шаңырақта білім алып жатқанын, сондай-ақ оқу орнының халықаралық рейтингте алдыңғы орыннан көрініп жүргенін атап өтті. Бану Мұхатайқызы талапкерлердің Абай университетін таңдауға ниет білдіретініне сенім артты. Білім беру бағдарламаларының сапалы әрі заманауи талаптарға сай, студенттер үшін мол мүмкіндіктер қарастырылғанын жеткізді. Халықаралық байланыстардың нығайып, студенттерге жаңа білім мен тәжірибе жинауға жол ашық екенін тілге тиек етті.

    Іс-шараға арнайы қатысқан Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Тоқтарбекұлы да талапкерлерге сәттілік тілеп, білім алудың маңыздылығына тоқталды. Кездесу барысында ҰТ сарапшысы Фархат Сұлтабаев талапкерлерге ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырудың тиімді әдістерімен бөлісті.

    – Тестілеуді сәтті тапсыру үшін үш айналым стратегиясын қолдануға кеңес беремін. Алдымен ең оңай сұрақтардан бастау керек. Кейін тестті талдап, қателермен жұмыс жүргізу маңызды. Соңында әр тестке аналитикалық сараптама жасап, қайта-қайта орындау арқылы машықтану қажет, – деді сарапшы.

    Жиын барысында Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры Гүлжахан Иманхатова бұл іс-шараның талапкерлер үшін маңызы зор екенін алға тартты. Сондай-ақ университет түлегі, Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазиев жас түлектерге ақ жол тілеп, «Гәкку» халық әнін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

    Іс-шарада Жаратылыстану және география факультетінің 3-курс студенттері «Химия – таңғажайып әлем» атты эксперименттік шоу ұсынып, ғылымның қызықты қырларын көрсетті. Ал Дене шынықтыру кафедрасының студенттері джиу-джитсу өнерінен шеберлігін паш етті. Сонымен қатар Абай университетінің білім алушылары Нұршапағат Сәулет пен Өмірзақ Әмір орындаған «Абайымнан тапқаным» әні кештің көркін қыздыра түсті.

    Іс-шара соңында талапкерлер арасында викториналық ойын ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға арнайы имидждік сыйлықтар табысталды. Бір аптаға созылған «Ашық есік күні» талапкерлерге университет өмірімен жақынырақ танысып, болашақ мамандықтарын таңдауға үлкен мүмкіндік сыйлады.

    Айта кетейік, Абай атындағы ҚазҰПУ – отандық білім-ғылымның қара шаңырағы, Орта Азиядағы ең үздік педагогикалық жоғары оқу орны. Ғасырға жуық тарихында 250 мыңға жуық жоғары білімді кадрлар дайындап, отандық білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Университет педагогика саласында ғана емес менеджмент, құқық және заң бағыттары бойынша мамандар даярлайды.

    «Abai University» медиа орталығы

    Соңғы жаңалықтар

    АШЫҚ ЕСІК АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
    29.04.2026
    БОЗ КІЛЕМДЕГІ БЕЛДЕСУ
    29.04.2026
    Сот ғимараты бой көтереді
    29.04.2026
    ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
    29.04.2026
    Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады
    29.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>