⛅
28°C
Қонаев
Бейсенбі, Мамыр 21, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениеті идеологиялық жаңғырудың іргетасына айналуы тиіс – депутаттық сауал

    21.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Парламент, Үкімет, Экология
    «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениеті идеологиялық жаңғырудың іргетасына айналуы тиіс – депутаттық сауал
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қазақстан Республикасының

    Премьер-министрі

    О. А. Бектеновке

     

    ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

    Құрметті Олжас Абайұлы! 

    Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы азаматтар арасында кең қолдау тауып, қоғамды қоршаған ортаға ұқыпты қарау идеясымен біріктірген ең маңызды қоғамдық жобалардың біріне айналды. Бүгінде бұл бастама бір реттік акция ретінде емес, жаңа экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастырудың маңызды элементі ретінде қабылдануда.

    2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының кіріспесінде табиғатты аялау қажеттігі атап енгізілген. Осы тұрғыда «Таза Қазақстан» бастамасы конституциялық реформаларды іске асырудың және табиғатқа жауапты көзқарасты қалыптастырудың маңызды құралына айналуда.

    Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен экологиялық мәдениетті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында тұрақты даму, экологиялық жағдайды жақсарту, өмір сапасын арттыру және инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде.

    Осыған байланысты «Таза Қазақстан» бастамасын одан әрі дамыту мемлекеттік саясатты институционалдандыруға бағытталуы тиіс деп санаймын.

    Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, келесілерді қарастыруыңызды сұраймын:

    барлық саяси партияларға «Таза Қазақстан» қағидаты мен акциясын өздерінің негізгі саяси бағдарламалары мен жарғыларына енгізуді ұсынамын, себебі «Таза Қазақстан» қандай да бір саяси идеология болмасын, барлығын біріктіретін ортақ қағидат, құндылық болу керек;

    «Таза Қазақстан» идеясы-қағидаты қоғамды жұмылдыра алатын үлкен әлеуеті бар идея. Сондықтан жалпыұлттық қозғалыс немесе тұрақты түрде жұмыс жасайтын штаб құру керек;

    «Таза Қазақстан» акциясының жүзеге асырылуы бойынша ақпарат тарататын арнайы сайт, платформа және басқа да цифрлық ақпараттық платформалар құру керек;

    «Таза Қазақстан» акциясы бойынша жыл бойы іс-шаралар өтеді. Бірақ көзге түсетін негізгі шаралар көбіне көктем мен күзде ұйымдастырылады. Сондықтан басқа да жыл мезгілдерінде көзге көрінетін осындай негізгі жобаларды енгізу керек. Мысалы, қоқыс жинау немесе табиғи және тарихи орындарды түрлі жазулардан тазарту;

    су ресурстарын ұқыпты пайдалануды қамтамасыз ету. Мысалы, ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін жаңбыр суы мен еріген қар суын жинап, тазалап, сақтайтын арнайы резервуарлар мен су қоймалары жүйесін іске қосу арқылы.

    елді мекендер арасындағы жолдардың бойында көпжылдық ағаштардан «жасыл дәліздер» құру. Бұл қыс мезгілінде қар үйінділерінің пайда болуын азайтып, жолдардың жабылу жиілігі мен ұзақтығын қысқартуға мүмкіндік береді.

    Құрметпен,

    «AMANAT» партиясы

    фракциясының депутаты Т. Адамбеков

     

     

     

     

     

     

     

     

    Соңғы жаңалықтар

    Агроөнімге сұраныс артады
    21.05.2026
    Таза бейсенбі: Іле ауданында 58 тонна қоқыс шығарылды
    21.05.2026
    Сарбаздар ант қабылдады
    21.05.2026
    Мемлекет басшысы қоғамдық сананы жаңғырту жөнінде пайымын бөлісті
    21.05.2026
    Президент ұлт руханиятына адал қызмет етіп жүрген мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше мән беріп отыратынын айтты
    21.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>