Қоғамдық тәртіп – адамдардың қауіпсіз әрі тыныш өмір сүруінің маңызды шарты. Адамдар күнделікті өмірде көшеде, қоғамдық көлікте, мектепте, дүкендерде және басқа да қоғамдық орындарда бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Осындай ортада ортақ ережелерді сақтау қажет.
Қоғамдық тәртіпті сақтау әр адамның мәдениеті мен жауапкершілігін көрсетеді. Қоқысты арнайы орынға тастау, қатты шуламау, қоғамдық мүлікке зиян келтірмеу және басқа адамдарға құрметпен қарау – тәртіп сақтаудың қарапайым мысалдары.
Егер әр адам қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қараса, қоршаған орта да жайлы болады. Тәртіп сақтау тек полиция немесе басқа да мемлекеттік органдардың міндеті емес. Бұл – қоғамның әр мүшесіне ортақ жауапкершілік.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ
