Қоғамда «заң бар жерде тәртіп бар» деген түсінік қалыптасқан. Алайда заңның мәні тек тәртіп орнатумен шектелмейді. Заң – ең алдымен әділеттіліктің өлшемі, азамат пен мемлекет арасындағы өзара жауапкершіліктің негізі. Сондықтан заңға деген құрметті адамның қорқынышымен емес, әділетке деген сенімімен байланыстыру маңызды.
Кез келген қоғамда түрлі көзқарас, түрлі мүдде мен түрлі әлеуметтік жағдайдағы адамдар өмір сүреді. Бір адамның қалауы екіншісінің мүддесіне қайшы келуі мүмкін. Осындай жағдайда ортақ ереже қажет. Заң дәл осы міндетті атқарады. Ол кімнің күшті, кімнің әлсіз екеніне емес, белгіленген құқықтық нормаларға сүйеніп шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Аружан БЕКСҰЛТАН
