Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Тыныштық пен тұрақтылық – қауіпсіздік кепілі

Тыныштық пен тұрақтылық – қауіпсіздік кепілі

34 қаралым

Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылық заң талаптарын орындаудан басталады. Әр азамат қоғамдық орындарда тәртіп сақтап, айналасындағылардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеуі қажет. Ұсақ құқық бұзушылыққа немқұрайлы қарау кейін күрделі мәселелерге әкелуі мүмкін. Сондықтан тұрғындар құқықбұзушылықтың алдын алуға белсенді атсалысқаны жөн. Аула, көше және қоғамдық орындардың қауіпсіздігі тұрғындардың өзара жауапкершілігіне де байланысты. Жастардың құқықтық сауатын арттыру – құқықбұзушылықтың алдын алудың маңызды бағыты. Заңға құрмет қалыптасқан қоғамда азаматтардың өзара сенімі де артады. Тәртіп пен жауапкершілік орныққан жерде қауіпсіздік те берік болады.

Құралбек СӘБИТОВ

↑