Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Сарбаздар «Көшпенділер» қалашығына экскурсия жасады

Сарбаздар «Көшпенділер» қалашығына экскурсия жасады

76 қаралым

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімінің коменданттық ротасының сарбаздары Қонаев қаласындағы «Көшпенділер» тарихи-мәдени кешеніне арнайы экскурсияға барды.

Мәдени-демалыс іс-шарасының негізгі мақсаты – әскери қызметшілердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың тарихи-мәдени танымын арттыру және ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру.

Экскурсия барысында сарбаздар қазақ халқының тарихы мен мәдениеті, дәстүрі мен тұрмыс-салты туралы құнды мәліметтер алды. «Көшпенділер» қалашығындағы тарихи нысандарды аралап, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұрасымен жақынырақ танысты.

Іс-шара барысында сарбаздар үшін тарихи орындардың маңызы түсіндіріліп, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі, ұлттық өнері мен рухани құндылықтары туралы әңгімелер айтылды.

Мұндай мәдени-танымдық іс-шаралар әскери қызметшілердің рухани дүниесін байытып қана қоймай, Отан тарихына деген қызығушылығын арттыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.

Әскери қызмет пен тәрбиелік жұмысты қатар ұштастыру – сарбаздардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін маңызды бағыттардың бірі.

6654 әскери бөлімінің баспасөз қызметі

↑