-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ауған соғысы ардагері Қонаевтың Құрметті азаматы атанды

    15.02.2024
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Қорғаныс, Өңір тынысы, Тарих
    Ауған соғысы ардагері Қонаевтың Құрметті азаматы атанды
    0
    SHARES
    22
    VIEWS

    Бүгін Совет одағы әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай, Қонаевта салтанатты шаралар өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Алдымен ардагерлер Жеңіс паркіндегі ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Қан майданда қасық қаны қалғанша соғысқан ерлердің құрметіне 1 минут үнсіздік жариялады.

    Ал Мәдениет үйінде өткен жиынға қаладағы Ауған соғысының ардагерлері, әскерилер, ақсақалдар, қала әкімінің орынбасары Сәуле Нұрсолтанова қатысты.

    «9 жыл 10 айға созылған Ауған соғысы туралы деректерге сәйкес, Кеңес одағынан соғысқа 600 мыңнан астам адам қатысқан. Осыдан 35 жыл бұрын Ауған соғысынан 21371 қазақстандық ардагер аман-есен өз отанына оралған, олардың қатарындағы 91 ардагер — бүгінде арамызда жүрген Қонаев қаласының тұрғындары. Бүгінгі ұйымдастырылған шара болашақ ұрпақ үшін тәлім-тәрбие, жауынгерлік борыштың мәнін қадірлеуге бағытталған. Сіздердің көрсеткен ерліктеріңіз — жастарға үлгі. Сіздер бейбіт өмірге араласып, отбасын құрып, саналы ұрпақ өсіріп, халық көшін алға жылжытуға, еліміздің дамуына үлес қостыңыздар», — деді қала әкімінің орынбасары.


    Салтанатты кеш барысында Ауған соғысының ардагері Марат Калгуловқа Қонаев қаласының Құрметті азаматы атағы берілді. Сондай-ақ ардагерлерге 35 жылдық мерекелік медалі, Қонаев қаласы әкімінің Алғыс хаты, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің марапаттары табыс етілді.


    Басқосу концерттік бағдарламаға ұласты. Түрлі патриоттық әндер шырқалып, ардагерлерге құрмет көрсетілді.

    Ұсынымдар

    ТІГІНШІЛІК – ТИІМДІ КӘСІП

    ТІГІНШІЛІК – ТИІМДІ КӘСІП

    3 months ago
    Қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды

    Қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды

    1 month ago
    Отбасы мен Отанына тер төккен

    Отбасы мен Отанына тер төккен

    4 months ago
    АУЫЛ  АКАДЕМИГІ

    АУЫЛ АКАДЕМИГІ

    7 months ago
    Әлемді тамсандырған Шарын шатқалы

    Әлемді тамсандырған Шарын шатқалы

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.